Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Қарқаралы – 2024" халықаралық спорттық бағдарлау турнирі
23-07-2024 17:43

2024 жылдың 17-21 шілдесі аралығында Қарқаралының таулы жерлерінде "Қарқаралы – 2024" халықаралық спорттық бағдарлау турнирі өтті. Оларға Астана, Алматы, Орал, Қарағанды қалаларынан, Ресей Федерациясының қалаларынан 180-ден астам қатысушы қатысты. Павлодар облысының атынан 8 адамнан тұратын Кремер Сергей Владимировичтің басшылығымен "Вертикаль – 14" туристік клубының тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс жас топтары бойынша әр түрлі ұзындықтағы 1-ден 15 шақырымға дейінгі бес қашықтық бойынша өтті. Бес қашықтықтың нәтижелері бойынша: "W18" тобында ІІ орынды Виткова Дарья және ІІІ орынды Комлева Анастасия, "М60" тобында ІІ орынды Кремер Сергей Владимирович иеленді. Тәрбиеленушілермен қатар ата-аналар да қатысты, сондықтан "МН" тобында Олег сегіз жасар қызымен бірге І орынды иеленді. Қатысушыларымызды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз, жаңа биіктерге жетуді тілейміз!