Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысу туралы
21-05-2014 09:11
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысу туралы

Мамыр айының басында Шымкент қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өткізілді. Осы жылы Павлодар облысының ар-намысын қорғау Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Пирамида» құрамасына жүктелді, жетекшісі Ридзаускене Ирина Валерьевна. Слет барысына Астана қаласы, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстарынан келген 14 құрама қатысқан болатын. Слеттің бағдарламасы: 1) «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экпедициясының экспедициялық жасақтарының презентациясы; 2) «Жас өлкетанушы-зерттеуші» байқауы; 3) «Экспедицияның дала күнделігін» қорғау байқауы; 4) «Кедергілі алқап» ара қашықтық бойынша сайыс; 5) өлкетанудағы бақылау-туристік жол бағдар бойынша сайыс (Кросс-жорық); 6) «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедиция жылнамасын толтыру болды. Біздің құрама: «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экпедициясының экспедициялық жасақтарының презентациясы, «Экспедицияның дала күнделігін» қорғау байқауы, «Кедергілі алқап» ара қашықтық бойынша сайыс түрлері бойынша – 2-ші орын, «Жас өлкетанушы-зерттеуші» байқауы, өлкетанудағы бақылау-туристік жол бағдар бойынша сайыс (Кросс-жорық) түрлері бойынша – 4-ші орын, «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедиция жылнамасын толтыру бойынша – 6-шы орынды иеленді. Слеттің қорытындысы бойынша біздің туристік экспедициялық тобымыз 1-ші жалпықұрамалық орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!