Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында Павлодар қаласының мектептері, интернаттары, балалар үйлерінің оқушыларына арналған экскурсиялар өткізілді. Сонымен қатар, облыстық мамандандырылған жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары да біздің Орталығымызға келіп, қызықты экскурсияның барысына қатысты.