Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менiн Отаным - Қазақстан» («Ұлы Дала Елі») туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының Республикалық слетіне қатысу туралы
2016 жылғы 12-15 мамыр күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Біркөлік шатқалы аумағының негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менiң Отаным - Қазақстан» («Ұлы Дала Елі») туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының Республикалық слеті өткізілді. Слет барысына республиканың барлық аймақтарынан 16 құрама қатысты. Слеттің бағдарламасы ғылыми-зерттеу жобалардың қорғалуы, бағдарлау, шыңға өрмелеу, «БТМ» қашықтығы, «Кедергілер алабы», «Топография» қашықтығы, сонымен қатар «Қазақстан халықтары достастығы фестивалінің» өткізілуін қамтыды. Старттардың нәтижелері бойынша Павлодар облысының құрамасы «Бағдарлау» қашықтығында 3 орын, «Топография» қашықтығында - 3 орын және «БТМ» қашықтығында – 3 орын иеленді. Спортшыларымызды құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!