Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Туған өлке жас білгірлерінің қалалық Турнирін өткізу туралы
05-04-2016 01:04
Туған өлке жас білгірлерінің қалалық Турнирін өткізу туралы

Шағын Отанының өткені, осы шағы мен болашағы, ата-бабаларының рөлі мен ұрпақтар тізбегіндегі өз орнын сезінетін және туған жер тағдырын өз тағдыры ретінде қабылдайтын отансүйгіш азаматты тәрбиелеуге бағытталған құндылықтарды қалыптастыруы мақсатында 2016 жылғы 4 сәуір күні «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК негізінде туған өлке жас білгірлерінің қалалық Турнирі өткізілді.

Турнир қалалық білім беру мекемелерінің 3-4 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қаланың 12 жалпы орта білім беру мектептерінің құрамалары қатысты. Турнирге қатысқан құрамалар Павлодар облысы мен Павлодар қаласының тарихы, табиғаты мен табиғи байлықтарын (өсімдіктер және жануарлар әлемі, пайдалы қазбалар), өлкенің экономикасы, атақты тұлғалары мен ұлттық ойындар бойынша жақсы білімдерін көрсете білді.

20160330_155105

20160330_140149

20160330_114857

20160330_101601