4 сәуір күні БЖЭТО МҚКК негізінде Қазақстан Республикасы білім берудің жаңартылған мазмұнының сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді, оның жұмысына Орталықтың бөлім меңгерушілері, әдіскерлері мен қосымша білім беру ұстаздары қатысты.
Білім берудің жаңартылған мазмұнының мақсаттары және құрылымымен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің тренері М.В. Подолец жүргізді.
Дөңгелек үстел барысында білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысында ұстаздар кәсіби дамуының көкейкесті мәселелері, бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының жаңартылуын жүзеге асыру тәсілдемелері қарастырылды. Жаңа оқу жылында білім беру дамуының бағдарларын анықтау мақсатында тәжірибелік жұмысы өткізілді.
Круглый стол по вопросам обновленного содержания образования