Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бір шаңырақ астында
16-03-2018 21:38
Бір шаңырақ астында

Бір шаңырақ астында

   Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында Наурыз мейрамы қарсаңында «Бір шаңырақ астында» зияткерлік-ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Наурыз - ең ежелгі мерекелердің бірі, ол 5 мың жылдан астам уақыт бойы көктем және табиғаттың жаңаруы мерекесі ретінде тойлануда. «Наурыз-думан» әніне, қатысушылардың қошеметімен, жүргізушілер жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, сәттілік тіледі. Балалардың барлығы мерекелік іс-шараға белсенді түрде қатысып, әндер айтты, билер билеп, ойындар ойнады. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білуі бойынша сахналық қойылымдар, Наурыз мерекесін басқа елдерде қалай қарсы алатындығы туралы көріністер көрсетті. Іс-шара соңында барлық қатысушылар бір-біріне игі тілектер айтып, мерекелік дастарханнан дәм татты.