Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қанатты достарды қарсы алу
05-04-2018 17:57
Қанатты достарды қарсы алу

Қанатты достарды қарсы алу

       Оқушылардың экологиялық Марафоны көлемінде 5 сәуір күні «Металлургтар» паркында жыл сайынғы «Қанатты достар» акциясы өткізілді. Оның ұйымдастырушылары «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, «Қазақстан алюминиі» АҚ болды.
     Акцияны өткізу мақсаты - оқушыларды құстарды қорғау бойынша табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру, қалаға пайдалы құстарды шақырту.
  Көктемнің келуімен жыл құстардың көпшілігі ұзақ жол кешіп, туған мекеніне ұшып келеді, осыған байланысты біздің міндетіміз - ұя салатын құстарға тәжірибелік көмек көрсету болып келеді.
    Үйшіктерді ілу бойынша қалалық акцияға «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК балалар бірлестіктері мен Павлодар қаласы № 4, 13, 16, 29, 33, 37, жалпы орта білім беру мектептері және №1 ЖОБМИ 200 астам оқушылары қатысты.
   Біздің қаламыздың көкжелекті болып, ондағы құстардың сайрауы біздің қолымызда!
       Осы шараның бас демеушісі «Қазақстан алюминиі» АҚ акция қатысушыларын грамоталар және жүлделермен марапаттады.