Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің қашықтан облыстық кезеңі
02-10-2020 10:04
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің қашықтан облыстық кезеңі

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарыныңреспубликалық слетінің қашықтаноблыстық кезеңі

  2020 жылғы 18-24 қыркүйек күндері аралығында Павлодар облысы білім басқармасының «Аймақтық оқу – практикалық дене шынықтыру орталығы», «Павлодар облысының білім басқармасы» ММ және Павлодар қаласы білім бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК ұйымдастыруымен «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарыныңреспубликалық слетінің қашықтаноблыстық кезеңі өтті.

   Мақсаты: балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру.

     Слетке 27 қалалық және аудандық командалар қатысты, жалпы қамту 90 оқушыны құрады. Бағдарламада слетті өткізудің түрлі нысандары қарастырылған: туристік экспедициялық маршруттардың презентациялары, «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхаты, өлкетану зерттеу жобаларын қорғау, экологиялық экспедициялардың презентациясы, бард әндерінің конкурсы, жорықта «Зардап шеккендерге» дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын және туристік тораптарды байланыстыруды орындау дағдыларын көрсету.

          Слет қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 3 орынды Павлодар қ. № 40 ЖОМ, 2 орынды Екібастұз қ. № 36 мектеп - лицейі, 1 орынды құрамында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері болған Павлодар қаласының «БЖЭТО» командасы иеленді.

      Аталымдар бойынша үздік нәтиже көрсеткен командаларды атап кететін болсақ. Қазылар алқасының пікірінше, «Жас өлкетанушы» аталымында Павлодар қ. № 40 ЖОМ, Дарынды қыздарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты және Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы көптілді лицей командалары қызықты жұмыстар атқарды.

   «Туған өлке соқпақтары» аталымында белсенді және танымдық бағытты «СЮТур» БАК командасы, «Ең керемет туристік өлке» аталымында үздік презентацияны қазылар алқасының пікірінше, Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған № 36 мектеп-лицейі ұсынды, «Ақсу» балалар эко-техникалық орталығы мен «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің балалары алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелеріндегі тамаша білімдерін көрсетті. «СЮТур» БАК, Павлодар қаласының № 39 ЖОМ және Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы командаларының балалары ең үздік туризм білгірлері болды, ал қазылар алқасының пікірінше, «Тереңкөл» командасының өкілі бард әнінің үздік орындаушысы атанды.

    Слет жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз, жаңа кездесулер күтеміз!