Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Қазан айының 23 жұлдызында сағат 11-00- де мәдени орталығының оқушылары «Отан-Ана» тақырыбында ашық сабақ өтті
27-10-2011 04:15

Қазан айының 23 жұлдызында сағат 11-00- де мәдени орталығының оқушылары «Отан-Ана» тақырыбында ашық сабақ өтті
Сабақтың Мақсаты: Өз ойларын еркін айтуға, жүйелі сөйлеуге үйрету, өз ойларына қортынды жасай білуге дағдыландыру, зейін, логикалық ойлау дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту. Күй ойнау арқылы оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеттері: Әдептілікке, адамгершіліке, тапқырлыққа, іздемпаздыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып достық қарым-қатынастарын дамыту, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылған әдістер: Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, топпен және жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс, көрініс.
Тәрбиелігі: Туған жер, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, халық өнерін қастерлеуге тәрбиелеу, эстетикалық қызығушылығын ояту, ой өрістерін, таным қабілетін арттыра түсу, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысында балалар белсенділік танытып сахнаға алғаш шыққан оқушылар ән, би, тақпақ орындады. Ерекше көрермен қошеметіне ие болған Алимхан Дінмұхаммед, Қизат Сәния, Әскербай Мөлдір, Жанұзақ Аңсат, Апушев Еламан, Жунисова Лаура, Махметова Рашида, Линар т.б.
Домбырада жоғарғы топтың оқушылары Құрманғазының, Желдібаевтің күйлерін нақышына келтіріп орындап ата – аналар ықыласына бөленді.
Үш топ қосылып «Хан сарайы», «Үш би»көріністерін қойды. Бірге қосылып «Туған жер» әнін орындады.
                                           Мәдени орталығының ұстазы: Әлия Әбішқызы Апушева.