Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің 250 оқушыларының қатысуымен мамырдың 20-сы күні «Бір шаңырақ астында» атты этнофестивалі өтті.
30-05-2012 06:18
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің 250 оқушыларының қатысуымен  мамырдың 20-сы  күні «Бір шаңырақ астында» атты этнофестивалі өтті.

Бұл шараның қадірлі қонқтары Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары С.К.Жетпісбаев, Павлодар облысы тілдер дамыту басқармасынан Н.Ж.Байжұманов, Болгар дипломат корпусының өкілі О.Благоева-Дементьенко, Қ.Х.Д. «Нұр Отан» партиясының орынбасары Л.П. Ифандопуло, қалалық білім беру басқармасынан Р.С.Досанова болды.
Тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке сонымен қатар қоғамдық өмірге бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, азаматтық өзіндік санасын калыптастыруына өз әсерін тигізді.
Білім мен тәрбие алып жүрген балалардың өз ана тілдерінде тақпақ айтып, ән шырқаулары, би билеп, тілдерін меңгергені, әрине, ең бірінші кезекте олардың ата-аналарын шексіз қуанышқа бөлегені сөзсіз. Бағдарламаны «Достық» домбырашылар мен ұстаздар қауымынан құрылған ансамблі ашты. Басқа ұлт өкілдерінің орындауындағы мың бұралған қазақ халқының билері және кабардин – Балкар, қарашай – шеркес бөлімшесінің орындауындағы «Қазақ дәстүрлері» әні көрермендердің көңілдерінен шықты. Этнофестивалдің соңында мектептің белсенді оқушылары мен беделді ұстаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.