Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Мектептің жас мамандары
05-09-2012 16:01
Мектептің жас мамандары

Мектептің жас мамандары  2012 жылғы  27 - 29 тамызға дейін шекаралас ынтымақтастықтың «Бірлік.Единство.kz»атты халықаралық жастар этномәдени форумына қатысты.Бұл форумда, Омбы, Томск, Новосибирск, Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Петропавл қалаларының ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан жастар бірлестігінің  өкілдері қатысты.Қазақстан және Рессей жастары этникааралық қарым-қатынас аймағында тәжірибелерімен және білімдерімен алмастырылды.

Форумның бірінші күнінде «Единство в многообразии» атты тұсау кесер бағдарламасында көрсетілді, мұнда әр делегация өз ұйымы туралы мультимедиялық презентациясын ұсынды.   

Келесі күні С.Торайғыров атындағы ПМУ делегаттар «Шекаралас өңірлердің дамуындағы мәдениет және мәдениетаралық қатынас» атты тақырыбын талқылады. Келесіде Кампустар жұмысы жалғасты, мұнда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары  З.А. Саяпова и М.М.Богентаев, «Павлодар облысы әкімдігінің Аналитикалық ақпарат орталығының» директоры  Р.Т.Білялов,  сонымен қатар «Әлем мәдениеті мен келісімге барар жолда» шығармашылық шеберханасы жұмыс атқарды,  модераторы: К. Гиёев – мерекелік шаралардың қоюшы-режиссеры.

Форумның қорытындысы бойынша шекаралас жастармен ынтымақтастығын әрі қарай жалғастыру, кеңейту, бекіту туралы резолюция қабылданды.   Келесіде форумның барлық қатысушыларына куәліктер және еске қалдыратын кәде сыйлар табыс етілген, «Болашақ бүгіннен басталады» атты мерекелік іс-шарамен жалғасты.

Делегаттарға арнап Павлодар қаласының көрнекті орындары бойынша экскурсиялар, кемеде өзен жағалауындағы серуен, «Ұлттық әуендер ырғағымен» Dance – фестивалі  ұйымдастырылды.