Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Болгар бөлімшеде «Отечество любезно, как хубаво си ти» атты іс-шара!
16-04-2013 09:05
Болгар бөлімшеде «Отечество любезно, как хубаво си ти» атты іс-шара!

 

Болгар бөлімшеде «Отечество любезно, как хубаво си ти»атты іс-шара!

Болгар бөлімшесі Достық үйінде дәстүрлі «Наурыз» мерекесі қарсаңында «Отечество любезно как хубаво си ти!»атты іс-шарасы өткізілді.

Осы іс-шараға болгар бөлімшенің оқушылары және Павлодар қаласы «Славяне» атты болгар орталығының өкілдері қатысты. Қазақстан халық Ассамблеясының төраға орынбасары С.Қ.Жетпісбаев, Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ ОТЖжДО Ж.С.Байманова іс-шараның қонағы болды. 

Сейсембай Қалижанұлы сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасында тұратын әр – түрлі ұлттардың халық салт-дәстүрлерін сақтауда Ассамблеяның маңызды рөлін белгіледі.   

Іс-шара барысында әр - түрлі буын өкілдері өз туған Қазақстанына және тарихи Болгария отанына сүйіспеншілігін көрсетті. Қазақтар және протоболгарлар арасында тарихи байланыс тапты. Көрермендер болгардың дәстүрлі -Баба Мартакөктем мерекесі туралы көп жаңалықтар білді.  Барлығы туған Қазақстан туралы  болгар ұлттық әндері, өлеңдері орындауында сүйсіне тыңдады. Оқушылар өлеңдер және әндер арқылы болгарлардың тарихи жолын көрсетті, өзінің кішкентай, бірақ батыр және тәкәппар  халқының  тарихын еске түсірді.     

Іс-шара дәстүрлі болгар хороводымен аяқталды, бұған барлық көрермендер сүйсіне қатысты. Бұл Қазақстанның таза аспаны астында  бейбітшілікте және келісімде өмір сүретін халықтар арасындағы бірлікті дәлелдейді.  

ҰЖМ болгар бөлімшесінің мұғалімі

Костова-Мицова Стефка Колеваханым