Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
«Халқын сүйген, салтын сүйер» атты іс-шара өтті.
21-05-2013 06:11
«Халқын сүйген, салтын сүйер» атты іс-шара өтті.

 

«Халқын сүйген, салтын сүйер» атты іс-шара өтті.     

 

       2013жылғы сәуірдің жетісі күні Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің халық этикет меңгеру тобында «Халқын сүйген, салтын сүйер» атты ашық шығармашылық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздерін үйрете отырып, «үлкенге-құрмет, кішіге - ізет» демекші, сыйластыққа, қонақжайлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Сабаққа балалар қызығушылықпен қатысты. Саяхат сабақта бес аялдама болды. Олар: «Сәлемдесу», «Көркем сөз», «Көрініс», «Әдептілік әлемінде» және «Тапқырлар».

    Мерекелі іс-шараның қонақтары (мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен ата-аналар) Қазақстан, тіл  туралы өлең мен мақал-мәтел тыңдап,  сонымен қатар қазақ пен өзге ұлттық киімдері туралы мәлімет алды. Қонақтар қазақтың салт-дәстүрлерін көрініс түрінде тамашалап, қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты.

  Шараның соңында Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ ОТЖжДО Ж.С.Байманова және ҚББМ Ә.К. Сағатова өз сөздерінде қатысқан оқушыларды, ата-аналарды құттықтап, алғыстарын білдірді. Оқу- тәрбие үрдісінде  белсенді қатысқаны үшін балалар марапаттау қағазымен, ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

Өткізген: Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ

ҚББМ Ә.К. Сағатова