Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Қ,Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінде Толеранттылық күніне
27-10-2013 05:18
Қ,Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінде  Толеранттылық күніне

 

Қ,Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінде  Толеранттылық күніне арналған «Тілдер жәрмеңкесі» өтті. Мерекеде ,үш дүкеннен және қорытынды бір конкурстан тұрған сайыстар өтті. Және де конкурсқа 16 бөлімшенің оқушылары қатысты. Конкурсқа қатысқан 5 командалар болды. Олар: «Дружба», «Юный Полиглот», «Отаншыл», «KZ», «Бірлік».

Бірінші «Пословицы и поговорки» дүкенінде командалар берілген мақал - мәтелдерді дұрыс ретте құрастырып тапты. Екінші «Живые буквы» дүкенінде, командалар берілген , төрт жағында әріптері бар қорапшаларды киіп, жүргізуші айтқан сөзді жылдам әрі дұрыс таба білді.  Үшінші: «Волшебные слова», командалар берілген Қазақстан, шаңырақ, толерантность сөздерінен көп сөз құрастырды.Және де ақырғы әрі шешуші  сайыс «Домашнее задание»,оқушылар шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. Барлық командалар ерекше белсенділік танытып  өз өнерлерін көрсете алды. Әсіресе барлығына «Живые буквы» конкурсы ерекше ұнады. Бұл сайыста барлық қатысушылар аса қызығушылықпен қатысып, қалған қатысушылар мен ата-аналар қолдап қошеметтеп отырды. «Әуен» вокал студиясының керемет әндері орындалып көреремендердің көңілінен шықты. Мереке жоғары деңгейде өтті.Соңында қорытынды шығарылып, барлық командалар марапат кағаздарымен марапатталып, жүлделі сыйлықтарға  ие болды.