Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
09-12-2008 18:00

Желтоқсан айының 8,9,10 күндерінде шығыс халықтары құрбан айт мейрамын атап өтті. Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары үшін ұлттық мерекелердің ішінде құрбан айт мерекесінің маңызы өте зор.

Кез келген ұлттың айрықша қонақжайлығы,сенімділік пен кең пейілдігі, кішілердің үлкендерді сыйлап, ізет көрсетуі, үлкендердің кішілерге деген қамқорлығы мерекеде ерекше байқалды. Әр ұлт өзінің руханиятын дамытады, мәдиенеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін қастерлейді.

2008 жылғы 10 желтоқсан күні шешен-инғұш, татар-башқұрт бөлімшелері және мәдиенет орталығы мерекелік ақ дастарханын жайды. Көз қызықтыратын ұлттық тағамдары мен тәттілері тартылды. Мерекеге аталған бөлімшілерден 10 баладан қатысты. Мерекелік шара әр ұлт өкілдерінің құттықтауымен басталып, құрбан айтының шығу тарихы, әдептері, қасиетті құран кітабының шығу тарихы жайлы оқушылар пікір алмасты. Мерекеде өлеңдер оқылып, қазағымыздың асыл мұрасы – күйлер шертілді. Заринаның шерткен күйін көпшілік таңдай қағып тамашалады.

Оқушылар жиналған қауымға бақыт, жақсылық, ашық аспан, денсаулық тіледі.

Құрбан айт қабыл болсын!