Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
27-06-2016 02:09
"Ертегі әлемі"я и сказка 2я и сказка Бүгін лагерімізде өте қызықты күн болды! Себебі жиналған қауымды ертегімен кездесу тосып тұрған еді. Бұл шараны мектебіміздің жас мамандары А.Боброва мен А.Клочан ұйымдастырған. Педагогтар Муся және Пуся сайқымазақтар образына еңіп көрермендерге ертегі сыйлады. Көрермендермен қарым-қатынас орнатып алып, қызықты тапсырмаларға бет алды. Алғашқы тапсырма мыстан кемпірдің жасырып тастаған ертегі кейіпкерлерін табу болған еді. Бұл тапсырманы балалар үлкен ұжым болып, бірден шешті. Екінші тапсырма «Шалқан» ертегісін өзгеше сахналау болды, бұл тапсырманы да жас өнерпаздар жақсы орындап шықты. Үшінші тапсырмада балалар ертегі кейіпкелерінің танымал сөздерін тауып сәйкестендірді. Ал ең қызықты және жылдамдықты талап ететің тапсырма ол төртінші еді. Қатысушылар жылдам жүгіріп барып, берілген бас киімді киіп, жазылған сөздерді бар дауыстарымен айту керек еді. Бұл тапсырманы екі топ өте жақсы, көңілді орындады. Осылайша бүгінгі мерекеміз өте көңілді және тез өте шықты. №27 мектептен келген қонақтарымыз ризашылықтарын білдіріп, басты кейіпкерлермен естелікке фотосуретке түстіп, көтерінкі көңіл- күймен тарқасты!