«Мәңгілік ел» мекпепішілік олимпиада тәрбиеленушілердің әр ұлттың мәдениетін танып білуге, қоршаған ортаға деген төзімділік, сыйластық қабілеттерін сіңіру, дамыту мақсатында өткізілді. Олимпиада - қатысушыларға шығармашылық қабілеттерін дамытып, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мен қатар жүзден жүйріктерді анықтауға мүмкіндік береді. Қатысушылар тарихи-мәдени, Ертіс өңірінің этностар әдеп-ғұрыпы, салт-дәстүрлері сұрақтар төңірегіндегі білім деңгейлерін көрсете алды. Әдістеме бірлестігінің жетекшілері мен педагогтардан және әкімшіліктен құралған әділқазылар алқасы олимпиаданың ұйымдастыру сапасын бақылап, жұмыстарды бағалады. Олимпиада мектеп Ережесіне сәйкес өткізілді. 25 оқушыдан, жеңімпаз атанғандар: І орын қарашай-шеркес және қабардін – балқар бөлімшесінің тәрбиеленушісі Аксенова Анна, ІІ орын белорус бөлімшесі Ильчинко Анастасия, ІІІ орын чуваш бөлімшесі Олькова Ольга.