Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Жаңа жылдық мерекелер қарсанында католиктер Рождество Христово мерекесін атап өтті
08-01-2016 07:51
Жаңа жылдық мерекелер қарсанында  католиктер  Рождество Христово мерекесін атап өтті
DSCN0433 DSCN0437Жаңа жылдық мерекелер қарсанында католиктер Рождество Христово мерекесін атап өтті. Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ поляк бөлісшесі «Полония» бірлестігімен бірге бірнеше шаралар өткізді. 24 желтоқсан күні Вигилийнды кеш - Рождество қарсанындағы кеш. Кештің ұйымдастырушы – польшадан келген педагог Пани Мария Дронг, «Полония» ЭМБ көмегімен Рождество дәстүрлері жайында шағын әңгіме құрастырып, әңгімелеп берді. Шараға поляк бөлімшесінің ең кішкентай бүлдіршіндері, жастар және ең қадірлі мүшелері қатысты. Мерекелік кешті Павлодар облыстық поляктар «Палония» бірлестігінің басшысы Виталий Зифридович Свинцицкий отбасымен бастап, кештің құрметті қонағы католик шіркеуінің дің қызметшісі Томаш әкені қарсы алды, кеш мерекелік дәстүрлі ас мәзірімен жалғасты. Қызықты әңгіме барысында қонақтар уақыттың өткенің байқамай, үйлеріне қимастықпен тарасты. Бұл кеш барлығы үшін жағымды, мерекелік, жылы, отбасылық танымды кеш болды. Мерекелік апталық соңы 27 желтоқсан күні Павлодар костеліндегі Поляктар бірлестігінің өнерлі мүшелері ұсынған, рождестволық бағдарламамен аяқталды. Үлкен қызуғышылықпен үлкендер де балалар да көріністерге қатысып, өлең, әндер айтты, рождестволық коленда-әндеріне жиналған қауым әртістерге қосыла орындап, тамаша мерекелік әсерге шомылғандары үшін ризашылықтарын білдірді.