Бүгін лагердің тағы да ерекше көңілді, жарқын, шаттыққа толы күні болды. Белорус бөлімшесінің педагогтары Богнат Л.И., Пучек Т.П., тәрбиеленушілерімен бірге ұмытылмас әсер қалтыратындай мереке ұйымдастырды.
Өз сөзінде бөлімше жетекшісі Л.Богнат дәл бүгін 22-маусым сұрапыл соғыс басталғанын, қиын кезеңді бастан кешкен сол замандағы балалар туралы ой қозғап , бейбіт өмірді бағалауға, достыққа адал болып, оқуда озат болуға, соғыс ардагерлерін ұмытпай құрмет етуге, ортақ елімізді қорғауға шақырды.
Ал бүгін жаз, ән, би, достар, ойын, шаттық, караоке балалардың сүйікті істері, сондықтан көңіл көтеру міндет! Мереке бір демде,көңілді, қарқынды, жоғары деңгейде өтті. Бұған себеп тәжірибелі мамандар, ұйымшыл ұжым және шеберлік. Қатысушылар әр тапсырманы үлкен қызығушылықпен және ынтамен орындап, бір-бірінен қалыспауға тырысты. Арамызда отырып қалған бала да, педагог та болған жоқ. Шаттыққа толы би ырғақтары балалар көңілдерінде ұзаққа сақталатынына сенімдімін!