Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Төрлет, Наурыз!
17-03-2018 19:07
Төрлет, Наурыз!

Бүгін достық үйінде румын-молдован бөлімшесі барша достарымен Наурыз мерекесін қарсы алды! Достық залында ұйымдастырылған мерекелік концерт сәнді де мәнді болды. Шараға С.Жетпісбаев және этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Сахнадан қазақ, румын, молдован, орыс тілінде ән, жырлар төгілтіп, салт-дәстүрлер көрсетілді. Мың бұралған бишілер ұлттық билерін нақышына келтіріп орындағаны сонша, көрермендер қошеметтерін аямады. Достық пен махаббат, бірлік пен татулық арқасында өтіп жатқан мерекелер жиналған қауымға көктемгі көңіл-күй, жүректеріне жылулық сыйлады.