Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Төрле,Төрле Нурызым!
18-03-2018 13:52
Төрле,Төрле Нурызым!

Наурыз – тек қазақ халқының мейрамы емес, ол барша түркі тілдес халқыларына ортақ мейрам. Бүгін, Наурыз айының 18-шы жұлдызында Ұлттық жаңғыру мектебі Наурыз мерекесін атап өтті. Келген қонақтарды ұлттық тағамдар бауырсақ, қоспа, талқан, құрт және ең бастысы, наурыз көжемен қарсы алды. Одан кейін мерекелік концерт басталды. Концертте мектептің барлық ұлттық бөлімшілері өз өнерін көрсетті. Ән айтып, мың бұралып билеп қана қоймай, Наурыз, яғни көктем бейнесін бикеш кейпінде таныстырды. Ертіс өңірінде тұратын халықтарының фольклорында кездесетін көктем бейнесін ұлттық костюм арқылы таныстырды. Әрине, Наурыз мейрамының бас қонағы – Қадыр ата да келіп өз батасын берді. Көптеген орындалатын салттар мен ырымдар көрсетілді.
Мұндай мерекелік іс-шаралар арқасында еліміздің бүлдіршіндер мен жасөспірімдер, олардың ата-аналары Наурызды қазақтар ғана емес, басқа ұлттар да қарсы алатынын көріп, танымдылығы артады. Біртіндеп халқымыздың мәнді де сәнді дәстүрлеріміз қанына сініп, сүйекке дарыса нұр үстіне нұр болғай. Осы іс-шара нағыз «Рухани Жаңғыру» емес пе?