Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
"Туған жер - мақтанышым"
27-03-2018 17:09

А.Апушеваның ұйымдастыруымен қазақ мәдени орталығы «Туған жер - мақтанышым» атты шығармашылық есеп-концертін өткізді. Іс-шара Наурыз мерекесі мен Павлодар облысының 80-жылдығына арналды.
 Қонаққа келген ата-аналар мен бала бақшаның кішкентай бүлдіршіндерінің назарына домбырашылар күй төгіп, ән орындады. Қыдыр ата келіп көрермендерге ақ батасын берді, балалар жарыса Қаражорға биін билеп, мақал-мәтел айтысып, ұлттық ойындар ойнап, тәтті сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар Павлодар өңірі жайлы қызықты мағлұматтар алды. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятатын, елін, жерін құрметтеуге баулитын бұл шараның мақсатына мазмұны сай болды.
Шара соңында жыл бойы шығармашылық белсенділік танытқан тәрбиеленушілер мен ата-аналар директор атынан алғыс хаттарымен марапатталды.