1маусым- балалардың сүйікті мерекесі! Мектеп тәрбиеленушілерге арнап «Бақытты балалық шақ» атты концерт ұйымдастырып, мектеп жанындағы лагердің ашылуын бірге атап өтті. Бағдарлама барысында барлық ұлттық бөлімшелер тәрбиеленушілері белсенді болды. Олар жүргізушілердің берген тапсырмалары мен жұмабақтарын жылдам шешіп, өнерлерлерін ортаға салды. Мемлекеттік және ана тілдерін меңгеру әр мектеп шарасында іске асырылып отырады, бүгін де балалар тапсырма арасында «дос», «достық», «бақыт», «қуаныш» т.б. сөздерді аударып, сөздік қорларын молайтты.Күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілеріміз және мереке шымылдығын ашқан «Достық» домбырашылар ансамблі шарамыздың сәнін келтірді. Соңымен қатар балаларға қонаққа ертегі кейіпкерлері келіп, қозғалмалы ойындар ойнатып, қөңілдерін көтерді. Осылай-ша мерекеміз мәнді де, сәнді де, көңілді өтті! Әлемнің барлық балаларына бағытты ғұмыр тілеп, мерекелерімен құттықтаймыз!
"Бақытты балалық шақ"