Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
"Астана-фест"
09-07-2018 10:52

7 маусым күні Астанамыздың 20-жылдығына арналған Павлодар қаласының қосымша білім беру ұйымдары білім беру бөліміміен бірге «Астана-фест» отбасылық шығармашылық-белсенді демалу меркесін ұйымдастырды. Бұл алаңда балалар ата-аналарымен бірге әр алаңқайда барып ойындар ойнау, би билеу, ән айту, сурет салу яғни шығармашылық қызығушылықтарына қарай қатыса алды.
Қ Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі «Баттл-фест» алаңқайын ұйымдастырып жиналған көрермендерді қазақ, орыс, қабардін-балқар, грек халық билерін билеуге үйретіп, олармен бірге қазақ, армян, поляк ұлттық ойындарын ойнады. Астанамызға арналға үлкен флешмоб ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар мен ойын жеңімпаздары Астанамызға арналған тіліетерін білдірді. Балаларымен бірге белсенді қатысқан ата-аналар отбасылық демалу үлгісін көрсетіп, үлгі бола алды. Әр қатысушы сыйлықтармен марапатталып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарқасты. Көп ұлтты өңірде тұрып бір-бірінін мәдениетін хабарда болу, қызығушылық білдіру достық пен ынтымақтастыққа апаратын жол.
Астанамыз көркейіп, достығымыз жараса берсін, ағайын!