Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Чусок мерекесі
30-09-2018 14:46
Чусок мерекесі

                 Корей халқы ежелден жер шаруашылық арқасында күн кқретін ел болған. Сондықтан, күздің астық пен көкөніс өнімдерін жинаған күнін үлкен мереке етіп тойлайтын. Ол мереке Чусок деп аталады.
Чусок мерекесі ай күнтізбесінің сегізінші айының 15-ші жұлдызында өтеді. Демек, ол нақты аталатын күні жоқ, жыл сайын өзгеріп тұрады. Биыл Чусок мерекесі қыркүйектің 24-не келді. Ұлттық жаңғыру мектебінің корей бөлімшесі Павлодар облысының кәріс этно-мәдени бірлестігімен бірге Чусок мерекесін 29-қыркүйек күні Қоғамдық Келісім залында атап өтті.
Жыл сайын мұндай мерекелік іс-шарада Чусок мерекесі туралы түрлі ақпараттарды қызықты түрде түсіндіріп кетіп, қазақ, орыс, кәріс тілінде өлеңдер айтылып, би биленеді.
Биыл ұлттық ойындарға көп көңіл бөліп, көптеген ойын мен жарыстарды өткізді. Ұтқандар сыйлықтарын алып, ойынға қатысқандар да, көрермен болып отырғандар да көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.
Көрермендерден көбілері «Мереке өте қызықты, көрнекті және әсерлі болды» деген пікірлер көп айтты.