Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік».
19-12-2018 11:08
«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік».

     Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің халық этикет тобында Тәуелсіздік мерекесіне орай тәрбиеленушілерімен «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тақырыпта іс-шара өтті. Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру; Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру; патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара Қ.Р. Мемлекеттік әнұранды орындалуымен басталды. Мұғалімнің сөзінен кейін Қазыбек би атамыз: «Біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.... Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз» -деп сөйледі. «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған презентация және «Желтоқсан алаңы» атты бейнеролик көрсетілді. Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған Қайрат, Ляззат, Ербол, Сабиралардың ерлік істерімен танысты. Отан- Ананы құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шарада балалар өлеңдер оқып, ән айтып, көріністе белсене араласты. Соңында Қазыбек би тәрбиеленушілерге өз батасын берді.
ҚББМ Сағатова Алия Кәрібайқызы