Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Солнечному Миру Да!Да!да!
23-04-2019 11:45
Солнечному Миру Да!Да!да!

2019 жылдың 19 сәуір күні Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі халық этикет тобының тәрбиеленушілері Павлодар облысы Полиция департаментінің тарихи және әскери данқ мұражайына  экскурсияға барып, сонымен қатар, сонда «Солнечному МИРУ –Да! Да» Да!»  атты есеп сабағын өткізді. Мақсаты: балалардың  отаншылдық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

    Сабақ барысында мұражай жетекшісі отставкадағы полиция подполковнигі Б.М. Иманханова Қазақстан  полициясының құрылу мен даму тарихын, полиция қызметкерлерінің ерліктері  және қызмет бабында қаза тапқан батырлары туралы әңгімеледі. Ал тәрбиеленушілер өз тарабынан олармен бірнеше тілдерде амандасып, бейбітшілік туралы тақпақ  айтып, өнерлерін көрсетті. Өткізілген қызықты ойын, сайыс және викториналарда тіпті полиция қызметкерлері де қатысты. Павлодар қаласының  «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» келген балалар-көрермендермен де танысты. Сабақта Павлодар облысы ПД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысы – ПД бастығының баспасөз хатшысының міндетін атқарушысы  полиция подполковнигі Ж. К. Біләлова мен Пресс-қызметінің операторы Александр Лысый өз үлестерін қосып, ризашылықтарын білдірді.

     Іс-шараның  соңында отставкадағы полиция полковнигі Бақберді Балтабаевич Абраев өз алғыс сөзінде балаларға өсиет-тілегін білдіріп тәрбиеленушілерді марапатттады. Сонымен қатар, Иманханова Бақытжамал Мусаевна тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтарын ұсынды. Балалар үйлеріне риза болып қайтты.

 

                                                                        ҚББМ Сағатова Алия Кәрібайқызы