Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні!
04-06-2019 12:27
4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні!

   2019 жылдың 4 маусым күні Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің мұғалімдері мен тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер – ел беделі!» атты іс-шарасын  Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Әскери Даңқ  музейі бөлімшесіне саяхаттап, сол ғимараттаөткізді.

    Іс-шараның басты мақсаты —Әскери даңқ мұражайында ҰО соғысы туралы мәліметтер арқылы өз Отанына, оның рәміздеріне деген құрметтерін,  татулық, бейбітшілік өмірдің құндылығын сезіну арқылы сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын мұрат тұта отырып, «Бірлік» көзқарасын қалыптастыру.

      Салтанатты мерекенің басында ҚР Гимнін орындауымен басталып, Отан, Ту, Елтаңба туралы тақпақтар оқылды. Жалғасы- викторина сауалдарына жауап берді. Шараның соңында экскурсия өткізілді.

  Танысу барысында  музейде соғыс тарихына саяхат жасап, сол замандағы қару жарақты,фотосуреттер мен суреттерді, медаль мен ордендерді, сарбаздардың хаттарын, жеке заттарын көрді. Көп қызықты мәлімет алған балалар музей ұжымына және музей жетекшісі – Р.Н. Тыштыковқа алғыс айтуда.