Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Шығармашылық шеберханалар
10-06-2019 13:21
Шығармашылық шеберханалар

10 маусым

Бүгін мектеп жанындағы лагерьде шығармашылық шеберханалар жұмыс істеді. Барлық тәрбиеленушілер таңғы жаттығудан кейін топтарға бөлініп А.А. Апушева- «Үкілі домбыра», А.К.Сағатова «Маленький дизайнер», Е.И.Софронова - «Мозайка», Н.Гомзякова «Мы танцуем», Н.Федькович «Мой маленький оркестр» атты шеберлік сабақтарын өткізді. Балалар   келесі сабақтардан: «Маленький дизайнер» сабағында жылдам және қызықты тәсілмен дизайнерлік киім үлгізін дайындауды үйренді, балалар өз қолдарымен киім үлгісін қиып, түсті матаға салу арқылы дизаинның ойлап табуды үйренді, өздерін расында да шебер сезініп өз нәтижелерін мақтанышпен қорғады. «Мозайка» сабағында  өз қолдарымен «Подкава счастья» атауымен тұмар жасауды, оны түрлі тұқымдар, гүл жапырақтары, кофе дақылдарымен әшекеледі.  «Мы танцуем» сабағында ұлттық және заманауй би қимылдарын меңгеріп, денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасады. Әр  ұлттың  би элементтерін айырмашылығы мен ұқсастығын талдап, пайдалы кеңестер алды. «Үкілі домбыра» сабағында аспапты алғаш қолдарына ұстаған балалардың қуаныштарында шек болмады, олар домбыраны дұрыс ұстау, орындаушының отыру  және   шерту тәсілдерін үйренді, ал үзіліс кезінде асық ойнады.

Шебер сабақтарынан соң далада Ю.Н.Ефимованың ұйымдастыруымен «Көңілді старт» спорттық жарыс өтті. Балалар бәсекеге түсіп, қызу жарыста ұтылмауға бар күштерін салып, бақ сынасты. Жарыс 6-6 есебімен аяқталды. Әтсе де тәтті сыйлықтар барлығына бұйырды.

Лагердің бүгінгі күні өте мазмұнды және қызықты өтті.