"Шебер сабақ"
«Үкілі домбыра» жобасы аясында мектептің барлық ұлттық бөлімшелеріне арналған шебер сабақ өткізілді. Сабаққа армян, белорус, шешен, чуваш, румын, кәріс, орыс, украин, қазақ балалары қатысты. Қоллдарына алғаш аспап алған балалар домбыраның құрылысын, негізгі қағыс және Моцарттың «Аллегретто» шығармасын шамалап үйренді. Әрине алғашында таза дыбыс шығару оңай болмаса да, балалар тырысып, есте сақтап ойнап берді. Сабақ соңында бірнеше бала домбыра үйірмесіне қатысуға ниет білдірді. Шебек сабақты жүргізген педагог А.Апушева.