Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас музыканттар өз концертін Қазақстанның тәуелсіздігіне арнады.
15-12-2020 16:23
Жас музыканттар өз концертін Қазақстанның тәуелсіздігіне арнады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының Балалар музыкалық мектебінде "Көк тудың желбірегені" атты қашықтық мерекелік концерті өтті.                  

Концерт бағдарламасына қазақ және орыс авторлары мен композиторларының патриоттық әндері мен классикалық аспаптық шығармалары енді. Гаухар Арғынқызы Абжанованың жетекшілігімен «Серпін» қазақ халық аспаптар ансамблінің орындауында Дайрабайдың «Дайрабай» күйі, виолончелшілер квартетінің орындауында А. Аракишвили өңделімінде «Попурри» шырқалды (жетекшісі Галина Аркадьевна Марковчина). «Кадриль» орыс халық аспаптар ансамблі М. Семенованың өңдеуінде Ш. Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» туындысын орындады (жетекшісі Мария Васильевна Семенова).

Халықаралық конкурстардың лауреаты, жас солистермен Усина Дәния (12 жас) «Сарын тобы» репертуарынан «Бір үйдің баласындай» әнін орындады.  Ақан серінің «Балқадиша» шығармасы фортепианода Аяжан Байғурманованың (15 жас) орындауында шырқалды. Мектептің педагогтері Иван Вячеславович Кузякин пен Берік Оралтаевич Жупашев В. Струковтың «Приятная беседа» регтаймын орындады. Концертмейстерлер Дмитрий Станиславович Масленников пен Александр Александрович Андрющенко,  Ксения Владимировна Миронецтің жетекшілігімен халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты, жоғарғы сынып хорының Е. Канапиянованың музыкасына К Салықовтың сөзіне жазылған «Аққу елім-Қазақстан» әнін орындаулары мерекелік концертті жарқын аяқтады.            

«Меркелік концерттер мектепте дәстүрге айналды, бұл концерт жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттығын тәрбиелеуге, жас таланттардың орындауында классикалық музыканы қабылдауға ықпал етеді»,-дейді мектеп басшысының орынбасары Нұрлан Бақытович Кайшанов.