Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мадина Нургожинованың табыс формуласы
29-03-2021 10:07
Мадина Нургожинованың табыс формуласы

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында көктемгі демалыста Балалар музыка мектебінде Павлодар облысы филармониясының камералық хоры мен «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат-музыкалық колледж кешені» ММ-нің оқытушысы Мадина Нургожиновамен шығармашылық кездесу өтті. 

Қызықты адам қызық кітап секілді. Кітап парақтарын парақтап, біз қаһармандарды, оқиғаларды танимыз, туындыда сөз етілген әлемге шомамыз. Қызықты адаммен араласқанда да біз оның әлеміне шомып, оның өміріндегі қызықты сәттері және шығармашылығымен танысамыз.

Кездесуге мектеп педагогтары мен оқушылары қатысты. Қарым-қатынастың жаңа онлайн түрі үйден шықпай біздің қаланың әйгілі адамдарымен танысуға мүмкіндік береді. Нақты бұл іс-шара өте көп пайдалы ақпаратымен қуантты, мақсаты - балаларды қызықты адаммен таныстырып, шығармашылық тұлғаның табыс формуласы неден құралатынын біліп, ашу болды.

Мадина Қанатқызы өзі жайлы, музыканы кімнің арқасында сүйіп қалғанын, қандай жол кешкенін, немен айналысқаны мен айналысып жатқанын және бос уақытта немен шұғылдануды жақсы көретінін айтты. 

Ол түрлі сұрақтарға сүйіспеншілікпен жауап беріп, балаларға жақсы кеңестер берді.

Оның ұжымының жарқын, есте қаларлық бейнежазбалары (камералық хордың, «SAMIYN» вокалдық ансамблінің) балаларда ұмытылмас әсер қалдырды.

 Өзінің таланты, еңбексүйгіштігі, кәсібилігі мен өмірге құштарлығының арқасында Мадина Қанатқызыхормейстер, вокал ансамблінің солисті, «Қазақстан хор дирижерлері» Павлодар филиалының басшысы, педагогы ретінде өз жұмысында жетістікке жетті. Мұның бәрі – оның шығармашылық тұлғасын құрайтын қырлары.

Кездесу соңында Мадина Қанатқызы өзінің «құпиясымен» бөлісті: өз ісін сүю, көп еңбектену және өз ұстазының кеңестерін тыңдау - Мадина Нургожинованың табыс формуласы осы.

Айрықша адаммен кездесу адамның өмірі мен тағдырын кенеттен өзгертуі мүмкін екені белгілі. Көбі өздерінің өмірлік ұстанымдарын өзгертіп, лайықты мамандықты таңдап жатады. Осындай табысты, қызықты адамдармен кездесулерден кейін балалар ұзақ әсерде болды.