Әдістемелік кеңес
Бүгін Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде теориялық пәндер бөлімінде "Интонация - сольфеджио курсының базалық негізі ретінде" тақырыбында әдістемелік отырыс өтті. Земфира Депутатовна Мулдашева сольфеджио пәніндегі интонацияның маңыздылығы туралы әдістемелік әзірлеме жасады. Балалармен жұмыс істеу үшін дидактикалық материалдар ұсынды. ХХІ ғасырдағы интонация бойынша жұмыс тақырыбы да қамтылды.