2018 жылғы 18 маусымда Құрманғазы атындағы №1 БММ жанынан «Сириус» мектеп жанындағы лагері есігін айқара ашты. 2 апта бойы балалар толыққанды демалып, түрлі іс-шараларға қатыса алады.
Алғашқы күнді балалар жақсы көңіл күймен бастап, таңертеңгі жаттығу жасады.
Ешбір мектеп жанындағы лагерь сап әндерісіз, ұрансыз өтпейді. Балалар мұндай өзекті атрибуттарды талқылауға белсене араласты.
Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешілері жұмыстың түрлі нысандарын ойлап тапты: көркем-сурет студиясы, театр үйірмесі, шу жиілік оркестры және таза ауадағы ойын-сауық. Балалар жүгіріп, секіріп, бормен асфальтқа сурет салды. Әр бала өзінің көңілінен шығатын іспен айналысты.
Балалар күн сайын ауқымды және түрлі іс-шараларға қатысып, түрлі өқиғаның бас кейіпкері болып шыға келеді.
Мектеп педагогтарының «Bag beat» ансамблі балаларға қызықты концерттік бағдарлама дайындады. Жас тыңдаушылар педаготардың өнерлерін жоғары бағалап, ыстық ықыласпен қарсы алды.
Сондай-ақ шығармашылық шеберханаларға барып, өздерін нағыз әртіс ретінде сезінді, қабырға газеттерін рәсімдеу эскиздерін жасады, Қытай мемлекетінің мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысып, тілдерін үйрене бастаған олар, «Музыкант-полиглот» іс-шарасына белсене қатысты.
Күндері жеңілгендері жоқ спорт сайыстарымен аяқталады. Балалар үйлеріне жақсы көңіл-күймен, шабытпен, ертеңгі күнді аңсаумен оралады.
Мектептің жазғы лагері – ғажайыптар мен жаңалықтар мекені!