Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Обучение творческому расказыванию по методике И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс детей дошкольного возраста
14-03-2011 04:17

 «И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс әдістемелерін қолдана отырып суреттер бойынша мектепке дейінгі балаларды әңгіме құруға үйрету»

Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Тілді дамытудың соңғы нәтижесі, ол – ең кереметтің, күштінің және қиынның көрінісі, яғни адам өз тілінің, өзінің байланыстырып сөйлеу тілінің жемісі болып саналады.
 Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады.
 Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы мен тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал ата – аналар мен тәрбиешілердің балаларға үлгі болатындай дұрыс бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты болып табылады.
Балалармен оқып – талдайтын әдеби шығармаларды іріктеуде де белгілі бір мақсатты көздеу керек. Шығармалар мазмұны негізінде әсерлі, ойнақы, танымдық дүниелер және балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас тәжірибесін байыта түсетін мағлұматтар болуы назарға алынған. Шығарма мазмұны арқылы әр баланың тілдік белсенділігін қолдап, сабақта бала өзінің неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, өзінің тілдік тәжірибесін жасауына жағдай туғызу қажет.
Бүлдіршіндерді өзіндік тілдік тәжірибе жинау мақсатында біз картинаны қарастыруды және сол картина бойынша шығармашылықты әңгіме құруды алдық.
 Картина бойынша әңгіме құру – бір көзбен қарағанда оп – оңай сияқты. Мәнісіне келгенде педагог өз тарапынан көп айтып, ал баланың «аузын ашты, бірақ не дегені естілмеді» деген «сахналық көрініске» ие болады. Ендеше, бұл мәселеде балаға келіп тиетін тастың бір қиыршығы бар сияқты. Егер де оны жеңіп өтіп, сол қиыршықты қағытпаса, бала өз жолында көп қиындыққа ұшырайды. Бұл мәселені біз тек осы картинаны қарастырумен ғана байланыстырып отырған жоқпыз. Байланыстырып сөйлеу бар сабақта да қажет екенін білеміз. Жалпыға міндетті білім беру стандартында мынадай мақсат көзделген – балаларды «өз ойларын және сезімдерін саналы түрде әрбір тыңдаушы мен баға берушіге ұғынықты болатындай, олардың ой мен сезім – ықыластарын көрсете алатындай» жағдай жасау. Ендеше картина бойынша әңгіме құру әр баланың аузынан мүдірмей шығуына қалай әкеліп соғады екен деген сауал туындайды. Жалпы бұл әдістеме ТРИЗ әдістерінің негізінде құрылған.     
№ 121 сәбилер бақшасында естияр «Г» тобының тәрбиешісі Гүлбағира Рамазанқызы Мырзаханова мен ересек «Б» тобының тәрбиешісі Салтанат Рамазанқызы Рахымбаевалар «И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс әдістемелерін қолдана отырып суреттер бойынша мектепке дейінгі балаларды әңгіме құруға үйрету» атты өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Әдістеме бойынша жеті сиқыршы ойлап табылды. Олар «Бәрін бөл», «Бәрін қос», «Уақыт көлігі», «Бәрін естіп тұрмын», «Иістерді сеземін», «Бәрін қолыммен  сипаймын», «Дәмін татамын» деп аталады. Жеті сиқыршы қасиетті жеті санына қарасты ұғымдармен тығыз байланыста болады: 7 күн,  7 қарақшы, 7 қазына, әлемнің 7 кереметі т.б.
Сиқыршы болғандықтан барлығы сиқыр төңірегінде өтеді, яғни «Сиқырлы картина», «Сиқырлы дүрбілер», «Сиқырлы таяқша», «Сиқырлы фломастер», «Сиқырлы жолақтар», «Сиқырлы кілем» болйып көрінеді. Сабақ барысында балалар осы себепкер шарттармен жұмыс жасайды. Әр сиқыршының картинаны қарастырудағы өз жолы бар. Мысалы, «Бәрін бөл» картинаның құрамын анықтайды, бөледі. «Бәрін қос» нысандарды қосып, байланыстырп сөйлеуге жетелейді, сөйтіп әрбір сезім мүшелеріне байланысты туындаған аталмыш сиқыршылар бала тілін дамытуда елеулі рөл атқарады. Картинаны қарастыру кезінде кезеңдерге қолданылатын арнайы ойын жаттығулары бар, олар «Иә - жоқ», «Дүрбілер», «Картинаға ену», «Жанданған картина», «Кейіпкерге айналу» т.б.
Тәрбиешілер аталмыш әдістемені зерттей отырып өз тараптарынан көп құнды ақпараттар енгізді. Деректер қоры «И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс әдістемелері арқылы картина бойынша мектепке дейінгі балаларды әңгіме құруға үйрету» атты әдістемелік құралға айналды. Бұл әдістемелік құрал тәрбиешілерге, жалпы педагогтарға көмекші құрал болады деген сенімде.

Мырзаханова Гүлбағира Рамазанқызы естияр Г тобының тәрбиешісі №121 сәбилер бақшасы