Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
БАЛА - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
01-07-2011 09:58

Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борышы тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Әрине,әркім өзінің баласын, оның тәрбиелі,білімді болғанын қалайды,әрі еңбек сүйгіш,жақсы адам болса,еліне,халқына пайдасын тигізетіндей .Бір маман иесі,үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны аласын» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын,онын тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы,ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие беру негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,ар-ожданы мол,мәдениетті,парасатты,еңбекқор, іскер бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.Баланы балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпашылықты тәрбиешіге салып қойғаны жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, онын дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, даму болашағы казіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып,баласының тәрбиесіне жарты сағат та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды немесе тәрбие ісімен айналасуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады.Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес.Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып,отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың. Әне,оны берем,міне,мұны берем деп,баста балаңды алдағаныңа мәз боласын. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресін? » деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап,білмегенін айтып түсіндіріп,үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді. Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.
1.Бақшадан келген баланың көңіл-күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруге дағдыландыру.
2.Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
3.Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.
4.Ата-ана өзін -өзі ұстай білу, бақылай білу.
5.Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай,оны түсінуге тырысу.
6.Баласының тілін түсініп, онымен сырлас дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.
7.Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.
8.Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне,адамгершілік, эстетикалық қалыптасуына,жан жақты жетілуіне көңіл бөлу.
9.Оның шығармашылық қабілетін, ақыл- ой сезімін бағалай білу.
10.Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.