Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
"Өнегелі отбасы" шығармашылық сайысы
15-12-2011 06:51

13 желтоқсан күні ересек "Г" тобында тәрбиешілер Гүлбағира Рамазанқызы Мырзаханова мен Бахытгүл Шегендікқызы Бекболатованың ұйымдастыруларымен ата - аналардың қатысуымен "Өнегелі отбасы" сайысы болып өтті. Сайысты ата -аналар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арнады. Сайыс 4 бөлімнен тұрады: 1-бөлім "Сәлемдесу" және "Таныстыру" деп аталады. 2-бөлім - "Отбасының өнері" атауымен өтті. 3-бөлім - "Ақыл айтып келмейді" эрудиция сайысы деп аталынды. 4-бөлімде - Тәуелсіздігімізге арнап ата - аналар мен балалар жүрек жарды тілектерін айтып жиналған дүйім жұртты толғандырды. Топ ішінен 17 отбасы додаға қатысты. Отбасылар тамаша дайындықтарымен, "Сәлем сөздің сарасы" деп бастаған сәлемдемелерімен, түрлі қазақы бұйымдарды жасап әкелген шеберлігімен, ақылдылығымен, көзіңе жас келтіретін толғанысты тілектерімен сайысты көріктендіріп жіберді. Сайыста слайд - шоу қолданды. Балалар өз суреттеріне қарап мәз болды. Салтанатты шақта толық жиналған отбасыларын көріп тәрбиешілердің осынау еңбектеріне сүйсінеді екенсің. Сайыста жеңген отбасылар: Гран - при жүлдесін Түсіповтер отбасы иемденді. І-орынды Жұмажан, ІІ - орынды Кенжебай, ІІІ - орынды Күземшиндер отбасы қалталады. Қалған отбасыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар үлестірілді. Сайыс керемет көңіл - күймен, домбыраның үнімен, "Мен қазақпын" деп жырлаған Ерболаттың әнімен одан сайын ажарланды. Ата - аналарға алғысымыз шексіз!!!