Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Армысың Жаңа жыл!
30-12-2011 08:33

27 желтоқсан күні 1-2 сәбилер топтары өз Жаңа жылын аққалалармен қарсы алды, әр күткен мезеттеріне, қызықты сәттеріне қарап және Аязатаның әкелген сыйлықтарына мәз болды. Естияр В тобының балалары өз мерекелерін "Қоянның үйшігінде" қарсы алды. Балалар қуанып, шаттанып, бір серпіліп қалды. 28 желтоқсан күні естияр Г тобында цирктік ойын - сауық болды. Оларды клоундар Бим мен Бом қарсы алып, қолға үйретілген иттер, маймылдар өз өнерлерін көрсетті, түрлі ойындарды ойнатты. Ересек топтарының балалары Жаңа жыл қарсаңында ғажайып жидек "қожақатты" іздеді, қожақат кез келген адамды мейірімді, иман жүзді қылады екенін байқап, қуанды. Ересек Г тобы ""Айдаһар жылын қарсы алды. Қонаққа келер жылдың төріне отыратын айдаһар келіп, балаларға көп тосқан Аязаталарын тоңазытқышқа салып алып келді, балалар ырза болып ән мен би билеп төрге шығарды. 30 желтоқсан күні дайындық тобының балалары "Шыны байпақ" ертегісінде болып, мерекелік кештің ажарын ашты. Күлше қызға көмектесіп, оны да армандаған кешіне жіберіп, ханзадасына кездестіріп, ертегіні жақсылықпен аяқтады. Ата - аналар барлық ертеңгіліктерге дән риза болды.