Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Ересек "Г" тобында ашық сабақ өтті
23-02-2012 08:53
Ересек

"С.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс әдістемелерін қолданып балаларды шығармашылықты әңгіме құруға үйрету" тақырыбымен және жалпы аталмыш әдістемемен жұмыс жасайтын тәрбиеші Гүлбағира Рамазанқызы Мырзаханова қаланың қазақ балабақшаларының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне ашық сабақ өткізіп, толық әдістемемен таныстырып өтті. Қатысқан әдіскерлер мен тәрбиешілер аталмыш әдістеме қазақ балабақшаларында көбірек қолданса екен деген ұсыныс білдірді, бұл әдістеме қазіргі қоғамның қазақ балаларының тілін дамытуға бірден бір көмек екені көзге көрініп тұрды. Сабаққа қатысқан балалар өте белсенді болып, мазмұнды суретті толық талдап, бөліп, қосып, иіскеп, қолымен сипап сезіп, естіп, дәмін татып үлгерді. Сабақ соңында шығармашылықты әңгіме құрды. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, көпшілік разы болды. Балалар да өз әңгімелерінен рахат алып, бізге тағы да қонақтар келсін деген ұсыныс білдірді. Қатысқан әдіскерлер мен тәрбиешілерге рахмет!