Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Достық мерекесі
27-04-2012 07:41
Достық мерекесі

"Бірлігіміз жарасқан" атты ұранмен Достық мерекесі де өз есігін айқара ашты. Балалар өз ұлтының ұлттық киімдерін киіп, бір шаңырақ астында ән - би, жырларымен, билерімен бөлісті.

Қонаққа барлық достарын шақырған сәбилер тобы өз қылықтарымен, тәтті тілдерінен шыққан тілектерімен жүрегіңді елжіретті.

Естияр топтары ертегі назына салып, тіпті жануарлар мен жәндіктерді де достыққа шақырды.

Ересек топтары үлкен мерекелік концерт қойды және сиқырлы жеті жапырақты гүлмен балалық балғын тілектерін айтып, ғажап елге әкетті.

Дайындық топтарына Украина, Белоруссия, Ресейден қонақтар келіпті, олар өз дәмдерін, көтеріңкі көңіл - күйлерін әкеліп, тамаша мереке жасады. Барлық баланың тілегі бір шаңырақ астында бір - бірімен дос болып, бейбіт өмір сүру керек дегеннен табылды.