Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Алтын күз
08-11-2012 05:12
Алтын күз

Әр топтарда өткен ертеңгіліктер үлкендерді ғажайып әлемге апарғандай болды. Ата - аналар ертегі еліне тап болып, балаларымен ьірге мұңайып, қуанып, шаттанып, жұмбақ шешіп, билеп алды. 2-ші сәбилер топтары Орманға саяхатқа барып, ғажайып үйшікке тап болды. Үйшіктен шыққан тұрғындар тұрлі тапсырмалар беріп, балаларды қонаққа шақырды. Жомарт та, әдемі Алтын күз де қонаққа келіп өз кәделерін берді.

Естияр топтары да Күзге қонаққа барды. Олар кірпіге көмектесті. Әдемі әшекейленген зал, әдемі киінген балалар да мерекелік әсер қалдыра білді.

Ересек топтарында Күзгі бақшаға қонаққа барды. Онда тентек қияр адасып, тышқанның үйіне түсіп кете жаздайды, бірақ бақша тұрғындары қызанақ, қарбыз, алма мен алмұрт, шиелер т.б. оған көмектесіп, анасын тауып берді. Бақша күзетшісі де келіп, тышқанды уақытында қуып жіберді. Спектакль өте тамаша өтті.

Дайындық топтары "Аққу - қаздар" спектаклін қойды. Балалар рөлдерге сай киініп, әдемі декорация жасап, ертегінің ажарын одан әрі ашты. Кәдімгі әртістердей өнер көрсетіп, көрерменді тәнті қылды. Ата - аналар сондай риза болып, "тегін спектакль" көрдік - деп шексіз алғыстарын білдірді. Кейіпкерлердің киімдерін дайындап, көп үлес қосқан ата - аналарға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!