Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Көркейе бер менің Қазақстаным!
14-12-2012 07:50

2012 жылғы 13,14 желтоқсанында біздің балабақшамызда еліміздің Тәуелсіздігіне арналған тамаша мерекелік ертеңгіліктер болып өтті. Ересек топтары "Қазақстан біздің ортақ үйіміз" атауымен өткізіп, нағыз мерекелік көңіл - хошты көтерді, бағдарламаларында ән, билер, өлең, тақпақтар көп болды. Балалар еліміздің рәміздері туралы, Отан, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жер, туған ел туралы ән - жырларын ортаға салды. Қазақстың ұлттық ойындары "Киіз үй", "Тақия тастамақ", "Қыз қуу" т.б. ойналып, балалардың рухын көтерді. Астана, Қазақстан туралы әндерін ерекше жырлады. Ертегі кейіпкері Жын да келіп, әр баланың мейірімділігіне таң қалып, ол да мерекелік көңіл - хош сыйлауға тырысты, тілектерін орындады, Қазақстанда тұратын бүткіл халық арасындағы достықты айтып, мақтан етті. Жүргізуші әр рәміздің мағынасын, тарихи шығу тегін де айтып өтті. Мереке соңында шашу шашылып, балалар тәттіге кенелді.

Дайындық топтары едәуір ересек болған соң, мерекені салтанатты шақ әнұран айтудан бастады. Қодарына ұстаған шарлары, жалаушалары, гүлдері мерекенің ажарын ашып жіберді. Атрибуттармен билеген билері, Астана, Қазақстан, Отан туралы айтқан әндері көңілге қонымды болды. Орыс тілді балалар рәміздер туралы тақпақтарын айтып, маңызына тоқталды. Ойын - күлкі, ән - жыр көп болды. Мереке соңында дайындық "Г" тобының балалары мерекеге сыйлық ретінде ертегі шашу шашты, "Ұр тоқпақ" ертегісін сахналап, әрлендіріп, ролдерін тамаша сомдап берді. Ертегі арқылы балалар көрермендерді мейірімділікке, отансүйгіштікке, жомарттыққа баулу керек екенін түсіндірді. Көрермендер ертегі қошеметпен қабылдады.