Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
«Өнерлі өрге озар» өнер сайысы ересек, ортаңғы қазақ топтарының арасында
22-12-2017 09:37

2017 жылғы 20 желтоқсан күні біздің бақшамызда ортаңғы және ересек қазақ топтарының ата-аналарының қатысуымен "Өнерлі өрге озар" тапқырлық сайысы өтті. Әзірлік жұмыстары өте мықты көрінді, оларды біз команда құрамын таңдауда, арнайы киім (белдіктер мен алқалар, шляпалар, галстуктер), эмблема жасауда, үстелдерді рәсімдеуде көрдік, сайыстардың дайындығынан көрініс тапты. 1 конкурс "Сәлемдесу" , 2 конкурс "Ширату+қайым айтыс", 3 конкурс "Әлемді жарған алты жаңалық" топтамасы, 4 конкурс "Әзіл бәйге Тақырыбы: Қырық өтірік", 5 конкурс "Үй тапсырмасы", 6 конкурс "Жамбы ату" деп аталды. Командалардың дайындығы мықты болды. Конкурстарды бағалаған әділ-қазылар алқасына "Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының" кітапханашысы Г.С.Тусупова, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің 4 курс студенті М.Д.Нұрпеисова, №24 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Қ.Тұманбаева, п.ғ.кандидаты, профессор, ПМПИ аға оқытушысы А.Б.Бақраденова шақырылды. Сайыс барысында жарыс, бәсекелестік рух ашылды, рухани жаңғыру аясындағы тақырыптар толық қамтылып, қазақ халқының мәдени мұрасы көп көрініс тапты. Сайыстар арасында қазақы билерімен даярлық тобының балалары өнер көрсетті. Жүлдегерлер мадақтамалармен және тәтті сыйлармен марапатталды, ал көрермендер шексіз ләззат алды.