Айгөлек аруы - 2018
2018 жылғы 20 наурызда ата - аналардың және қыздардың қатысуымен ортаңғы В тобында "Айгөлек аруы - 2018" сайысы өтті. Сайысты алқалы әділ-қазылар бағалады. Сайыс "Мен қазақтың қызымын" таныстыруынан басталды. Шығармашылық бөлімінде қазақ халқының билері мен әндері назарға ұсынылды. "Салт-дәстүрді білеміз бе?" сұрақ-жауап сайысында қатысушылар қоржыннан сұрақтар алып мүдірмей жауап берді. "Қыздарға әсемдік жарасады" және "Шаш" өрімі" бөлімдерін әділ-қазылар әділ бағалады. Үй тапсырмасында көптеген қазақы бұйымдардың тарихымен таныстырылды. Аталмыш сайыс балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге көп көмегін тигізді.