Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Армысың Жаңа жыл!
28-12-2018 21:05

2018 жылғы 24 пен 28 желтоқсан аралығында біздің балабақшада барлық жас топтарында жаңа жылдық ертеңгіліктер дүбірлетіп өтілді. Көптеген тосын сыйлар, жұмбақтар, саяхаттар, ертегілік кейіпкерлермен кездесулер, ойындар, конкурстар, ән мен билер көптеп өтілді. Барлық мерекелерде балалардың көтеріңкі көңіл-күйлері мерекенің ажарын одан сайын ашты. 

Тәрбиешілер мен мамандар жаңа жылдық ертеңгіліктерге қатысып, өздерін нағыз әртістердей көрсете білді, барлық шығармашылық шеберліктерін, еркеліктерін және ұйымдастырушылық қасиеттерін ортаға салды. Олар бар ықыластарымен түрлі кейіпкерлерге айнала білді: Аязата, Ақшақар, Мыстан кемпір, Аққала, Қояндар мен аюлар, Түн ханшайымы және т.б. 

Шетте ата - аналар да қалмады, олар мерекелік шаралардың белсенді қатысушылары мен жанкүйерлері болды, мол қошеметтерімен көңіл көтерді, конкурстар мен хороводтарда қатысып, ойындар ойнады. Мерекеге сай естелік суреттерге де түсті.