Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
"Жанымыздағы жануарлар" жобалары
21-01-2019 15:34

Біздің балабақшамызда 2019 жылғы 15 қаңтарда ата - аналармен және балалармен "Жанымыздағы жануарлар" атты жобаларды жасау бойынша үлкен жұмыс өткізілді. Өте көп қызықты да, ақылды, қанық шығарылған және танымды жобалар болды. Балалар бар ықыластарымен өз жобаларын қорғап, қызықты ақпараттарымен достарымен бөлісті. 

          Жануарлар әлемі - біздің өміріміздің негізгі бөлігі. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті сәби кезден бала бойына баулу қажет. Оны қорғап және сақтай білуді үйрету керек. Қоршаған ортаның маңызды бөлігі болып тірі жандар саналады. Әр бала қоршаған әлемді оны сипап, онымен ойнау арқылы таниды. Бұл жағынан қарасақ үй жануарларын тану арқылы көп көмегін тигізеді, мысалы, сиыр, ит, мысық, ешкі, қой, сәндік тотықұстар және т.б. Ал түлкі, қасқыр, қоян тағы да басқа тірі жандармен қалай "танысуға" болады? Осындай сұрақтарға жауапты балалар мен ата - аналар энциклопедиялар, қызыл кітап және басқа ақпарат көздерінен іздеді. 

Нәтижесінде жобаларды дайындау мен өткізуде балалар үй жануарлары, жабайы және суық пен ыстық елдердің жануарлары туралы өздерінің білімдерін едәуір кеңейтіп, тереңдетіп алды. Олардың өмірлік ерекшеліктерімен танысып және көптеген жаңа ақпараттарды да білді. Сөздік қорларын молайтты.