Біздің балабақшада әр күзде табиғи материалдар мен көкөністерден бұйымдар көрмесі өтеді, биылғы жылы да шеттен қалмады. Ол 2019 жылғы 16 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында өтті. Балалар бұл жаңалықты қуанышпен қарсы алды. Балалар өз жұмыстарына қаншама қиял мен ерен еңбек жатқанын көрсетті. Қатысушылар көрмені өздерінің қиялдарының шектеусіздігімен, айрықшылығымен және шығармашылық қабілеттерімен таңқалдырып жасады. Қуантқаны ата - аналардың да тысқары қалмай балалармен бірге бұйымдар жасап белсенді қатысқандары. Конкурсқа отбасылардың қатысуы отбасылық бірлестікті байытады және балалар мен үлкендерді жалпы істе біріктіреді. Нәтижесінде балалардың еңбекқорлығы, тиянақтылығы, жақындарына деген зейін, еңбекке деген құрмет тәрбиеленеді. Бұл патриоттық сезімнің, туған жерге деген сүйіспеншілігінің, қоршаған ортаға деген сезімдерінің бастамасы болып саналады. Баламен бұйымдар жасап отырғанда үлкен адамдар баланың жеке тұлға болып дамуына үлкен ықпал етеді, сонымен қатар баланың да ата - анасымен өткізген уақыты осы мезетте баға жетпес байлық қой!