Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Денсаулықты қалай сақтау керек
27-10-2019 15:29

Біздің бақшада 2019 жылғы 3 қазан күні балалардың денсаулығын сақтау мақсатымен "Денсаулықты қалай сақтау керек?" деген конкурс ұйымдастырылды. "Денсаулық деген не?" тақырыбына ата - аналарға өз көзқарастарын, өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді. Өйткені біздің балаларымыздың денсаулығы және өз денсаулығымыз құнды, маңызды болғандықтан, оны барлығы етене түсінуі керек, және оны қалай сақтау керек екендігі туралы білетіндері де көп болғаны абзал. 

Ата - аналар бұл тапсырмаға да аса қызығушылықпен қатысты және шығармашылық көрсетті. Біздің назарымызға қарапайым тілмен, оймен түсіндірілген, өз пікірлерін айта білген, көрсете білген плакаттар, брошюралар қатары ұсынылды. Осы заттардан көрме ұйымдастырылды, онда әрбір отбасы өздеріне керекті ақпараттарды алды деген ойдамыз. 

Ата - аналар таңертең ерте бақша табалдырығын аттаған мезеттен бастап түрлі спорттық тапсырмаларды орындады: жүгіруге, ладиринттен өтіге қатысты, ауыр гирлер көтерді, секіргішпен секірді. Денсаулық күні жетістікпен аталып өтті және барлық отбасына да, бізге пайдалы болды.