Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Ормандағы күз
27-10-2019 16:33

Күзгі тақырыпқа ақындар, суретшілер, сазгерлер әр түрлі көзқарастармен қарайды. Бірақ күз кімде кімді болсын өзіне немқұрайлы қарата алмайды. Оны ақындар  "Көздің жауы", "Сұрғылт сезім" десе, суретшілер басқаша көзбен қарап, жаңбырлы күннің де, сап-сары алтындай болған жердің де сұлулығын өзгеше етіп көрсете алады.  

Осындай күзгі сұлулықпен тамсанған соң біз де 9 қазан күні балалар суреттерінің көрмесін ұйымдастырдық. "Ормандағы күз" конкурсына ересек және мектепалды даярлық топтарының балалары қатысты. Конкурсқа күз тақырыбына суреттер қабылданды. Балалар өз шеберліктерін көрсете білді. Көптеген суреттерді дәстүрден тыс әдіспен салғандықтан, көрме әдемі, көз тартарлықтай болып шықты және вернисажымыздың ажарын ашты.